Німнің (қызметтің) сипаты

Предыдущая12345678Следующая

Бұл жоба төңірегінде тауардың бір түрі өндірілетін болады – сыйымдылығы 19 литрлік шөлмектерге құйылған ауыз суы.

Шөлмектелген су — жеке таратылу үшін шыны немесе пластик ыдыстарға шөлмектерге құйылған су түріндегі тағамдық өнім болып табылады. Ыдыстың сыйымдылығы 0,33- литрлік шөлмектерден бастап 22-литрлік кулерлерге арналған ыдысқа дейін жетеді.

Суларды осы санатқа жатқызу бойынша нақты критерийлері жоқ асханалық минералды суларға қарағанда (жалпы минералдық шамасынан басқа) шөлмектелген ауыз сулары үшін нормативтік құжаттама дайындалған, онда судың құрамы нақты анықталған, бұл шөлмектелген суды «Бірінші санатты ауыз суы» және «Жоғары санатты ауыз суы» деп жіктеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шөлмектелген ауыз суының сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты талаптар екі нормативтік құжаттармен анықталады:

1. Р МемСт 52109-2003 «Ыдысқа құйылған ауыз суы»

2. СанЕжН 2.1.4.1116-2002 «Ауыз суы. Ыдысқа құйылған ауыз суына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапаны бақылау».

Осы құжаттарға сай ауыз сулары адамның тұтынуы үшін микробиологиялық, паразитологиялық және радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы тиіс, жағымды органолептикалық қасиеттері болуы шарт. Осындай талаптарға сай келетін және толық жауап бере алатын ауыз суын адам өмір бойы, шексіз мөлшерде тұтына алады. Қазіргі уақытта ауыз суының сәйкестігін бағалауды (сертификатталуын) қауіпсіздіктің 86 көрсеткіші бойынша анықтайды (9- критерий эстетикалық қасиеттеріне, 55- критерий химиялық құрамының зиянсыздығына, 2 – критерий радиациялық қауіпсіздігіне, 11- критерий эпидемиялық қауіпсіздігіне, 9- критерий макро және микро элементтік құрамдарының физиологиялық толықтығына қатысты анықталады). Ауыз су құрамындағы тұздың жалпы мөлшері бойынша 1 г/дм аспауы керек.



Шикізат ретінде артезиан көздері мен орталықтандырылған су құбыры арналарынан алынатын су қолданылады, ол үш сатылық тазартудан өткізіледі. Технологиялық үрдісте аса жоғары сапалы материалдар пайдаланылады– кварцтық құм, антрацит, кокостық белсендендірілген көмір, жуғыш және залалсыздандырғыш құралдар.

Ыдыстарға құю аса ірі Ресейлік «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ компаниясы дайындаған жабдықтың көмегімен жүзеге асырылатын болады. Су сыйымдылығы 18,9 (әрі қарай – 19 литрлік) болатын ыдыстарға құйылады, олар сауда орталықтарына, үйге және кеңсеге тегін жеткізу жолымен сатылады.

Су үшін есеп айырысуда бірден кассалық аппарат пайдалана отырып жасауға болады (мысалы, жеке тұлғалармен), сондай-ақ ақшасыз есеппен, ай қорытындысы бойынша (әдетте заңды тұлға ретіндегі сатып алушылармен) жасалады. 10 Су құйылған 19 литрлік ыдысты пайдалану қолайлы болу үшін қосымша жабдықтар ұсынылады: кулерлер және әр түрлі тығындар. Туынды тауарлар — термотөзімді стақандар, стақан астына қоятын жабдықтар және т.б.

Ндіріс бағдарламасы

Кесте 1. Жүзеге асыру жоспары

Жүзеге асыру жоспары Номиналды көлемі, д
19 л-к шөлмектердегі ауыз суы 40% 80% 100% 100% 100%
Өндірістің орташа коэффициенті 40% 80% 100% 100% 100%

Кесте 2. Өткізу мөлшері

Өткізу мөлшері (бірлікпен) Барлығы
19 л-к шөлмектердегі ауыз суы 124 800

Кесте 3. Сатудан табыс

Сатудан табыс, $ Барлығы
19 л-к шөлмектердегі ауыз суы 1 647 2 265 2 491
Барлығы 1 647 2 265 2 491

Маркетингтік жоспар


1553613992915122.html
1553649258627097.html

1553613992915122.html
1553649258627097.html
    PR.RU™